Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы арнайы жасақ қызметкерлерінің санын арттыру үшін ішкі істер министрлігі штат санын көбейтеді. Үкіметтің қаулысына енгізілген тиісті өзгерістер 1 қазанда күшіне енбек. Соған сай, ЖҚАЖ (жылдам қимылдайтын арнайы жасақ) жауынгерлерінің қатары 2021 жылға дейін кезең-кезеңімен 1115-ке жетеді.
Айтайлық, биыл Алматы мен елордаға арнайы жасақтың 340 баһадүрі жіберіледі, келесі жылы 317 сарбаз Атырау, Қарағанды, Маңғыстау және Түркістан облыстарына жөнелтіледі. Ал 2021 жылы өзге өңірлерде жұмыс істейтін жауынгерлердің саны 458-ге дейін көбейтіледі.
Ішкі істер министрінің хабарлауынша, ЖҚАЖ -дағылар саны халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті орнату және заңбұзушылықтың жолын кесу үшін ұлғайған. Ал сарапшылар арнайы қызмет өкілдерінің көбейюі азаматтардың әлеуметтік белсенділігінің артуымен байланысты деп есептейді.