Жылдық инфляция 7,1% құрады

807

Жалпы ішкі өнім 2,9% төмендеді.

Жылдық инфляция 7,1% құрады

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов биылғы қаңтар-шілде айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері бойынша есеп берді. 

"Тауар өндірісі 2,1% өсіп, көрсетілетін қызмет 6,2% қысқарды. Салдарынан  жалпы ішкі өнім 2,9% төмендеді. Жылдық инфляция 7,1% құрады. Ескерілген инфляция 8-8,5% болатын", – деді Руслан Дәленов.

Министрдің мәлімдеуінше, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы салалары оң нәтиже көрсетті. Мұнда импорттың төмендеуі аясында оң сауда балансы тіркелді. Ал сервистік қызмет көлемі қысқарып, мұнай өндіру қарқыны жоспарлы түрде төмендетілген. 

"Бұл экономиканың тежеуші факторы болды", – деді Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу