Жылдық инфляция 7,2%-ды құрады

546

Бір жылдан кейін инфляция 6,6% деңгейінде болуы мүмкін.

Жылдық инфляция 7,2%-ды құрады

Ұлттық банк инфляция және инфляциялық болжамдар бойынша соңғы деректермен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2021 жылғы мамырда инфляция 0,7% болды. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 0,5% еді. 

"Жылдық инфляция 7,2% деңгейінде қалыптасты. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 9,3%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 6,7%-ға, ақылы қызметтер – 5,1%-ға жоғарылады.
2021 жылғы мамырда халық сауалнамасы нәтижесі бойынша бір жылдан кейін күтілетін инфляцияны сандық бағалау 6,6% болды", – деп хабарлады реттеуші.

Еске сала кетсек, 2020 жылы желтоқсанда инфляция деңгейі – 7,5% болған еді. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу