Жылдық инфляция 7,4% деңгейінде сақталды

667

2021 жылдың қаңтар-ақпанында кен өндіру өнеркәсібінен басқа нақты сектордың барлық саласы өсім көрсеткен. 

Жылдық инфляция 7,4% деңгейінде сақталды

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев елімізде жылдық инфляция 7,4% деңгейінде сақталғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Министр Премьер-министр Асқар Маминге 2021 жылдың қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы есеп берді.

Оның айтуынша, көптеген елде коронавирусқа қарсы белсенді вакцина жүргізу нәтижесінде әлемде эпидемиологиялық ахуал жақсарған. Тәулігіне коронавируспен ауырғандар саны 2021 жылғы қаңтардың ортасымен салыстырғанда 46%-ға, ал Қазақстанда 59%-ға төмендеген.

"Эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруы нәтижесінде іскерлік белсенділік қалпына келді",– деді Әсет Ирғалиев.

Министр халықаралық рейтинг агенттіктері 2021 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсуін (ЖІӨ) 3,2-3,8% деңгейінде болады деп болжап отырғанын атап өтті.

"Осы жылдың қаңтар-ақпанда макроэкономикалық көрсеткіштер оң үдеріс көрсетті. Кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, нақты секторда өсу 6,3%-ға дейін жеделдеді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар кен өндіру есепке алмағанда 3,3%-ға өсті. Жылдық инфляция 7,4% деңгейінде сақталды", деді ведомство басшысы.

Ол кен өндіру өнеркәсібінен басқа нақты сектордың барлық саласы: 
құрылыс, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықдықтау және ауыл шаруашылығы тұрақты өсім көрсеткенін жеткізді. Ал ақпарат пен байланыс саласы 9,4%-ға өсім көрсеткен.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу