Жылдық инфляция 9,3%-ға дейін баяулады – Ұлттық Банк

487

Өткен айда базалық ставка 14,75%-ға дейін төмендетілді.

Жылдық инфляция 9,3%-ға дейін баяулады – Ұлттық Банк Фото: canva.com

 

Биылғы ақпанда жылдық инфляция 9,3 пайызға дейін баяулады. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оның сөзінше, инфляция мен инфляциялық күтулердің төмендеуіне байланысты Ұлттық Банк ақпанда базалық ставканы 14,75% дейін, яғни 50 базалық тармаққа төмендетті. 

"Жылдық инфляцияның баяулау қарқыны азайғанын айта кеткен жөн. Ақпанда айлық инфляция орташа тарихи мәндерден жоғары қалыптасты. Маусымдық және әкімшілік факторлардан басқа нарықтық тауарлар мен қызметтер бағасы тез өсті. Қазіргі жағдайда ақша-кредит саясатын жұмсарту мүмкіндігі айтарлықтай шектеулі. Инфляция факторларының қалыптасқан балансы, оның айлық қарқынының динамикасы алдағы уақытта шешім қабылдау кезінде базалық ставканы қалыптасқан деңгейде сақталу ықтималдығын арттырып отыр", - деді Тимур Сүлейменов. 

Ұлттық Банк төрағасы деректерді жинау, сондай-ақ экономикалық және фискалдық реформалардың іске асырылуына мониторинг қажет екенін баса айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу