Жылдық инфляция екі есе төмендеп, 9,8% деңгейінде тұрақтады

215

2023 жылы жалпы ішкі өнім 5,1%-ға өсті.

Жылдық инфляция екі есе төмендеп, 9,8% деңгейінде тұрақтады Фото: gov.kz

Жылдық инфляция деңгейі 2 есеге төмендеп, 9,8% көлемінде тұрақталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Ұсынылып отырған "2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебі, Парламент палаталарында жан-жақты қаралып, талқыланды.

"Енді, жалпы өткен жылдың негізгі көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып кетуге, рұқсат етіңіздер. 2023 жылы жалпы ішкі өнім 5,1%-ға өсті. Жылдық инфляция деңгейі 2 есеге төмендеп, 9,8% көлемінде тұрақталды. 

Жалпы бюджет тапшылығы 3,1 трлн. теңге немесе жалпы ішкі өнімге 2,6%-ды құрады.

Мемлекеттік борыш 27,2 трлн. теңге немесе жалпы ішкі өнімге 22,8 %-ға жетті. Ковенанттың барлығы толықтай сақталуда", - деді Мәди Такиев. 

Кірістер бойынша айтар болсақ, Республикалық бюджеттің кірістері бойыншажылдық жоспар 99,9%-ға орындалып, бюджетке 19 трлн. теңге түсті. 

Бюджеттің шығындаары 99,6% атқарылып 22,4 трлн.теңгені құрады. Игерілмеген қаражат – 73 млрд. теңгені, алүнемдеу, Үкімет резервін қоса алғанда – 27 млрд .теңгені құрады.

Ұлттық қордың қаражатын басқару тиімділігі бойынша, өткен жылы қордың активтері 13,4%-ға ұлғайып, 60 млрд. АҚШ долларға жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу