Жылдық инфляция нысаналы дәлізден асып кетті

622

Мұнайдың баррелі 35-40 доллардан сатылса, инфляция 8-8,5% болуы мүмкін.  

Жылдық инфляция нысаналы дәлізден асып кетті

Ұлттық банк биыл жылдық инфляция 4-6% деңгейіндегі нысаналы дәлізде болады деп болжаған еді.

Болжам бұрыс болды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты. 

"Биыл мамыр айында жылдық инфляция 2020 жылға арналған 4-6% нысаналы дәлізден жоғары қалыптасып, 6,7% болды. Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсімі 10,7%-ға дейін артты. Бұл 2016 жылғы қазаннан бастап ең жоғары көрсеткіш", – деді Ерболат Досаев.

Ұлттық банк төрағасының мәлімдеуінше, айлық өсім жоғары болғанмен, жекелеген азық-түлік өнімдері бағасының өсу қарқыны тұрақталған. Азық-түлікке жатпайтын тауар бағасының жылдық өсімі жанар-жағармай бағасының (бензин мен дизель отыны 0,7%-ға) төмендеуінен 5,3%-ға дейін баяулаған. 

"Ақылы қызметтің жылдық инфляциясы бір айда төтенше жағдайда реттелетін коммуналдық қызмет тарифтерінің уақытша азаюынан 3,5% -дан 3%-ға дейін төмендеді. Биыл мамырда тарифтер 3%-ға, жылдық көрсету бойынша 1,9%-ға төмендеді. Біздің бағалауымыз бойынша, биыл жылдық инфляция 4-6%-дық нысаналы дәлізден жоғары қалыптасады. Ал Brent маркалы мұнайдың бір баррелі үшін 35-40 АҚШ долларын көздейтін базалық сценарийге сәйкес 8-8,5% болады. 2021 жылы айырбастау бағамының ішкі бағаларға ауысу нәтижесінің аяқталуына және ішкі экономикадағы жағдайдың тұрақтануына қарай жылдық инфляция біртіндеп бәсеңдейді", – деді Ерболат Досаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу