Жылдық жоспар орындалмауы мүмкін – министр

988

Нұр-Сұлтан қаласының көрсеткіші құрылыс саласына кері әсер етті. 

Жылдық жоспар орындалмауы мүмкін – министр

Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов жыл соңына дейін 13 мың шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берілмеуі мүмкін екенін жариялады. Оның сөзінше, бас шаһарда құрылыс қарқынының төмендеуі республика бойынша тұрғын үй құрылысының жылдық жоспарының орындалмауына себеп болғалы тұр. 

"Республика бойынша жылдық жоспар 13 млн шаршы метрді құрайды. 10 айдың қорытындысында Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны 35,8%-ға төменуіне байланысты жоспарланған көлемге жете алмай қалуымыз мүмкін", – деді Бейбіт Атамқұлов. 

Министрдің мәлімдеуінше, биыл тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникация жүргізуге және тұрғын үйлерді мерзімінен кешіктірмей пайдалануға беру үшін бюджеттен 77,3 млрд теңге бөлінді. 10 айдың қорытындысында өңірлерге 59,3 млрд теңге аударылды. Оның 56,3 млрд теңгесі немесе 96%-ы игерілді. 

"Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында қаражаттың игерілу көрсеткіші төмен. Сот процестері мен жобалау-сметалық құжаттаманың түзетілуіне байланысты бірқатар өңір бөлінген қаражатты жылдың соңына дейін қайтаруды жоспарлап отыр. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспана бойынша жобаларды іске асыру кезінде Павлодар, Маңғыстау, Атырау облыстарының әкімдіктері бөлінген қаражатты толық игермеген", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу