Жылдың "Үздік боксшысына" дауыс беру басталды

573

Жылдың "Үздік боксшысына" дауыс беру басталды

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) өзінің ресми сайтында жылдың "Үздік боксшысы" мен жылдың "Үздік жекпе-жегін" анықтау үшін дауыс беруді бастады, деп хабарлайды Vesti.kz. 
"Үздік боксшы" атағына үміткерлер қатарына алты боксшы таңдалған. Олар - қазақстандық Геннадий Головкин, тай Срисакет Сор Рунгвисаи америкалық боксшылар Майки Гарсия, Теренс Кроуфорд, Джермелл Чарло мен Деонтей Уайлдер бар. 
Сонымен қатар 2017 жылдың "Үздік жекпе-жегі" атағына үміткерлер де белгілі. Олардың қатарында қыркүйек айында Лас-Вегаста өткен Головкин мен "Канело" кездесуі де бар. 
Өз дауысыңызды WBC ресми сайтынан мына сілтемеге өту арқылы бере аласыздар. 
Еске салайық, қазіргі уақытта Головкин орта салмақта WBC белбеуінің иегері. Бұл жылы отандасымыз бұл белбеуін екі рет сәтті қорғады. Тарқатып айтсақ, наурыз айында америкалық Дэниэль Джейкобс пен қыркүйек айында Сауль "Канело" Альвареске қарсы өткен кездесулерде қазақстандық боксшы белбеулерін сақтап қалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу