Жылдың екінші жартысында әлем экономикасы екіконтурлы форматқа өтеді

737

Еркін нарықтарға ұлттық жоспарлы интеллектуалды платформалармен бәсекеге түсуге тура келеді.  

Жылдың екінші жартысында әлем экономикасы екіконтурлы форматқа өтеді

Бұл туралы finprom.kz жазды. Алдағы шілдеде БҰҰ-ның эгидасымен 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру халықаралық форумы өтеді. Жобаға 193 ел қатыстырылады. 

Пандемия еркін нарықтардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мүмкіндігіне үміт қалдырмады. Алдыңғы қатарлы, көптеген дамушы елге үлгі нарықтар  COVID-19 нәтижесінде құлдырай бастады. Денсаулық сақтау жүйесі дамыған жиырмалыққақа кіретін 7 мемлекет коронавирус салдарынан қайтыс болған адамдар ең көп тіркелген елдер қатарында екенін айтты.

Мұндай жағымсыз рейтингте посткеңестік елдері ішінен Латвия бар. Қазақстан 144-орында. Пандемия салдарынан болған дағдарысты еркін емес, керісінше, экономикасы жоспарлы елдер еңсеріп келеді. Неге олай?

Бұған жауап алдағы БҰҰ эгидасы аясында өтетін форумда айтылуы мүмкін. 

Форумда басты талқыға түсетін мәселе жаһандық және ұлттық деңгейде тұрақты дамудың әдістемесін жасау. Оның ішінде тұрғындардың кірісі, өзін-өзі дамыту, өмір сүру ортасының сапасы да бар. 2015-2019 жылдары 193 ел мемлекеттік жоспарлауға халықаралық платформаны енгізген.  

Қазақстанның мемлекеттік жоспарлау жүйесі БҰҰ мәліметінше 2019 жылы тұрақты  даму мақсаттарына 79,9% сәйкес келген. Қазақстанның ішкі саясатының басымдылықтарының бірі – Орталық Азия мен Ауғанстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін халықаралық хабқа айналу. Бұл ретте еліміздегі еркін нарық бойынша шектеулер тұрақты даму қағидаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, банк секторы. Соңғы 10 жылда банк несиелері негізгі қорларды қалыптастыруда. Мұндағы ІЖӨ-нің үлесі 12%-дан 2%-ға түсті. Банктердің қосымша құн қалыптастыруға бағытталған несие портфелі қазақстандық экономиканың 2%-ын құрайды. Алайда жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ІЖӨ-дегі 10%-дан 13%-ға ұлғайды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу