Жылкыбаев Шымкентте АӘК-ке өтініштерді қабылдау барысымен танысты

924

Ертең ол Түркістан облысында құжаттарды қабылдау барысымен танысып, өңір тұрғындарына АӘК көрсетудің жаңа тетіктерін түсіндіреді.  

Жылкыбаев Шымкентте АӘК-ке өтініштерді қабылдау барысымен танысты

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындауға үміткер азаматтардың құжаттарын қабылдау барысымен танысты, деп хабарлайды ведсмотваоның баспасөз қызметі.

Вице-министр қаланың барлық төрт ауданының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау әкімдіктеріне барды. Әкімдік қызметкерлері Жылқыбаевты АӘК тағайындау үшін қалалықтардан құжаттарды қабылдау барысы туралы хабардар етті.

Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген шымкенттіктермен сөйлесе отырып, Ержан Жылқыбаев оларға құжаттарды тапсыруға үлгермей қалу туралы алаңдаудың қажеті жоқ екенін атап өтті.

"Шымкентте басқа өңірлердегі сияқты құжаттарды қабылдау бір уақытта бірнеше нүктелерде ұйымдастырылған. Адамдар Халықты жұмыспен қамту орталығына және аудандық әкімдіктер жанындағы жұмыспен қамту бөлімдеріне хабарласа алады. Жасанды кезек құру қажет емес, барлығы өтініш беріп үлгереді", – деді ол.

Сонымен бірге вице-министр өткен жылдың соңында еліміздің барлық өңірлерінде желтоқсан айында АӘК төлемдері алдын-ала жүргізілгенін, оны азаматтар қаңтар айында алуы керек екенін еске салды.

"Енді осы ай ішінде адамдар құжаттарын тапсыра алады. АӘК тағайындау критерийлеріне сәйкес келетіндердің барлығы қаңтар айына ақпан айында төлем алады", – деп толықтырды Жылқыбаев.

Ол сондай-ақ, 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар 367 мың отбасы жаңа мемлекеттік жәрдемақы алғанын атап өтті. Облыстардың әкімдіктері табысы аз отбасылардың балаларына кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларды жеткізуді пысықтады.

Азық-түлік және гигиеналық керек-жарақтармен әлеуметтік топтамалар ақпан айынан бастап АӘК алатын, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға берілетін болады.

6 жастан 18 жасқа дейінгі табысы аз отбасылардың балалары мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киімдерімен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ оларға мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтеледі. Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу