Жылқының қылы сән индустриясында қолданылуы мүмкін

4648

Қазақ жылқысының қылы әлемдік сән индустриясы мен музыкалық аспаптар өндірісінде кәдеге асуы мүмкін.

Жылқының қылы сән индустриясында қолданылуы мүмкін

Алыстағы Америкадан Алматы өңіріне келген кәсіпкер жылқы қылының сапасы өте мықты екенін айтады. Болашақта ол біздің елде кәсіпорын ашуды да жоспарлап отыр. Ашок Жалани Американың Бостон қаласынан келген, деп хабарлайды 24.kz.

Сән индустриясына қажетті бұйымдар шығарумен 20 жылдан бері айналысады. Жылқының қылынан скрипка, виолончельдің ысқысымен қатар әдемі кірпік пен парик, суретшілер мен визажистердің қылқаламын, тіпті тіс щеткасын жасайтынын айтады. 

"Қазақстанда шамамен 2 миллионға жуық жылқы бар екен. Менің болжамым бойынша, оның 10 пайызға жуығы ақбоз аттар. Бізді қызықтыратыны да осы жылқылар", - дейді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу