Жылу электр орталықтары көмірден газға ауысады

1149

Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев еліміздің онтүстігінде қуаты 2150 МВт болатын бу-газ қондырғыларын салу мәселесі қарастырылып жатқанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Жылу электр орталықтары көмірден газға ауысады

"Бұл жоба Түркістан облысы мен қаласының, Талдықорған, Қызылорда қалаларының экологиясын жақсартады деген болжам бар", – деді министр. 

Оның айтуынша, қазір Қарағанды облысының Теміртау қаласында ArcelorMittal Temirtau станцияларын газға ауыстыру бойынша жұмыс жүріп жатыр. 

"Орта мерзімді перспективада еліміздің тау-кен саласындағы ірі кәсіпорындарын көмірден газға көшіру жоспарланған", – деді Мағзұм Мырзағалиев. 

Министр 2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласының бірінші және екінші Жылу электр орталықтарын газға ауыстыру жобасы аяқталатынын айтты. 

"Алматы қаласындағы 3 жылу электр орталығын газға ауыстыру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Бұл орталықтардың жалпы қуаты 1300 МВт болады. Жоба 2026 жылға дейін аяқталады", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу