Жылу электр саласында заң бұзғандарға жаза күшейеді

644

Елдегі әбден тозған жылу орталықтарын жөндеуге байланысты тариф кемінде 25 пайызға көтеріледі.

Жылу электр саласында заң бұзғандарға жаза күшейеді Фото: Егемен Қазақстан

Жылу энергетикасы саласында заң бұзғандарға жауапкершілік күшейеді. Күні кеше ғана тағайындалған Энергетика министрі бүгін қолына жаңа заң жобасын алып Мәжіліске келді. Депутаттарға 3 жыл дайындалған құжатты таныстырған Алмасадам Сәтқалиев жаңа заң бойынша жылу желілерін енді жергілікті әкімдік емес, Атом және энергетикалық қадағалау комитеті бақылайтынын айтты. Министрдің сөзінше, саладағы олқылықтарды жою үшін мастер-жоспар дайындалған. Бір сөзбен айтқанда, Сәтқалиев жылу электр энергиясы саласында реформа жасауға бекініп отыр.

"Жоспарлар елді мекендердің техникалық бөлігі бойынша дамуын ескере отырып, жылу желілерінің дамуын және жылу көздерінің қажетті жылу қуатын ғана емес, сонымен қатар осы мәселенің экономикалық жағын да ескеретін болады. Осы мәселелерді шешу үшін бұл заң жобасы "Азия даму банкі жұмылдырған халықаралық сарапшылардың техникалық қолдауымен әзірленді", - деді ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Жылу тарифі кемінде 25% қымбаттайды

Жаңа министр келе сала, тек бензин қымбаттап қоймай, жылу құны да аспандамақ. Елдегі әбден тозған жылу орталықтарын жөндеуге байланысты тариф кемінде 25 пайызға көтеріледі. Ал максималды баға салынған инвестицияға байланысты болатынын жеткізді. Сатқалиев жақын күндері елдегі барлық жылу желілерін көзімен көріп қайтуға тас-түйін дайын отыр. Ол орталықтарды мемлекетке қайтару "ең соңғы қадам", әзірге ондай жоспардың жоқтығын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу