Жылу энергетикасы саласындағы заңнаманы бұзғандарға жауапкершілік артады

222

Қолданыстағы заңнамада жылу энергетикасы туралы жеке салалық заң жоқ.

Жылу энергетикасы саласындағы заңнаманы бұзғандарға жауапкершілік артады Фото: canva.com

Мәжіліс "Жылу энергетикасы туралы" заң жобасы мен оған ілеспе құжатты бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өздеріңіз білетіндей, бүгінде "Жылу энергетикасы туралы" жеке салалық заң жоқ. Бұл заңнамадағы бар олқылықтарға және осы салада стратегиялық мақсаттар мен даму жоспарларының болмауы, саланың инвестициялық тартымдылығының болмауы, кәсіпорындардың тиімділігінің болмауы сияқты көптеген мәселелердің жинақталуына әкелді. Аталған мәселелерді реттеу мақсатында министрлік Азия даму банкі тартқан халықаралық сарапшылардың техникалық қолдауымен аталаған заң жобасын әзірледі", - деп түсіндірді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Сөзінше, "Жылу энергетикасы туралы" заң жобасы жылу энергетикасы саласындағы саясатындағы құзыреттер мен жауапкершілікті қайта бөлуге бағытталған. 

"Атап айтқанда, Энергетика министрлігінің құзыретіне қазіргі уақытта өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жүзеге асыратын жылу энергиясын тасымалдау функциясы бекітілетін болады. Өз кезегінде, өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жылу энергиясын тұтыну бөлігінде жылумен жабдықтау жүйелеріне жауапты болады. Жылу бөлігі бойынша бақылау функцияларын қайта қарауға бағытталған. Заң жобасында жылу желілеріндегі бақылау функциялары, ортақ жылумен жабдықтау жүйелері шеңберінде әкімдіктерден Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне ауысатын нормалар көзделген", - деп жалғастырды ол.

Бұдан басқа жылу энергетикасы саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

Бүгінгі таңда жылумен жабдықтау саласындағы заңнаманы сақтамау, оның ішінде көптеген азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін жылу желілеріне заңсыз қосылу бөлігінде осы бұзушылықты жасағаны үшін жауапкершіліктің жоқтығы мәселесі бар. 

"Сондай-ақ құжат тариф белгілеу қағидаттарын айқындауға бағытталған. Заң жобасы тарифтік реттеу қағидаттарын және жылу энергиясына реттелетін тарифтердің сәйкес келуі тиіс шарттарды белгілейді, атап айтқанда тарифтік әдіснаманы жетілдіру, экономикалық негізделген тарифті қамтамасыз ету, инвестициялар тарту мүмкіндігі бар. Бұл ретте, жылу энергиясына тарифтерді экономикалық негізделген деңгейге келтіру мүмкіндігін қамтамасыз ету және халық арасында әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін социалды осал тұтынушыларды тікелей бюджеттік қолдаудан жүзеге асыру тетігі көзделген", - деді Энергетика министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу