Жылу энергиясын ең көп тұтынатын өңірлердің басында Қарағанды облысы тұр

1296

Климаты суық әрі өндірістік қажеттілігі мол Қарағанды облысы былтыр жалпы Қазақстанға қажетті жылу энергиясының оннан бір бөлігін тұтынған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz зерттеуіне сілтеме жасап.

Жылу энергиясын ең көп тұтынатын өңірлердің басында Қарағанды облысы тұр Фото: inbusiness.kz

Қазақстандағы жылу электр стансалары мен қазандықтар 2020 жылы 89,3 млн Гкал жылу энергиясын шығарды. Бұл – 2019 жылдың көрсеткішінен қарағанда 1,7% артық. Осы кезеңде 55,9 млн Гкал жылу энергиясы жіберілді. Өңірлердің ішінде жылу энергиясының көп бөлігі Қарағанды облысына (8,1 млн Гкал) кеткен. Одан кейінгі орындарда еліміздің екі ірі қаласы тұр: Нұр-Сұлтан (7,5 млн Гкал) мен Алматы (6,7 млн Гкал). Жылу энергиясын ең аз тұтынатын өңірлердің тізімінде Түркістан (313,9 мың Гкал) мен Қызылорда (495 мың Гкал) облыстары мен Шымкент қаласы (544,5 мың Гкал) тұр.

"Жіберілген жылу энергиясының жартысының көбін халық тұтынған (27,9 млн Гкал (+5,7%). Өндірістік қажеттілікке кәсіпорындар 16,2 млн Гкал (+7,6%) жылу энергиясын жұмсады. Сонымен қатар кәсіпорындар коммуналдық қажеттілікке байланысты 9,8 млн Гкал (−2,1%) және басқа да қажеттіліктер үшін 2 млн Гкал (−0,8%) жылу энергиясын бағыттаған", - делінген зерттеуде.

Жылу энергиясының 1000 адамға есептегенде орташа тәуліктік жіберілімі 3,9-дан 4,1 Гкал мөлшеріне азайды. 

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу