Жылу үшін төленген 415 млн теңге тұтынушыларға қайтарылды

991

Бұл туралы ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Асхат Жапсарбай айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Жылу үшін төленген 415 млн теңге тұтынушыларға қайтарылды

Оның айтуынша, өткен жылы табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы бұзғандарға 1 млрд-тан аса теңгеге әкімшілік айыппұл салынған.

"Сондай-ақ әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша 412 қаулы шығарылды. 2020 жылы табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы заңбұзушылықтарды жою туралы 390 нұсқама енгізілді",– деді комитет төрағасының міндетін атқарушы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Асхат Жапсарбай тұтынушыларға жылу беру кезінде артық төленген ақша қайтарылатынын атап өтті.

"2020-2021 жылғы жылыту маусымының қорытындысы бойынша 415 млн теңге тұтынушыларға қайтарылды",– деді басшы.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу