Жылу және электр энергиясын есепке алу цифрландырылады

218

Жыл басында энергетиканың цифрлық платформасы тәжірибелік пайдалануға берілді.

Жылу және электр энергиясын есепке алу цифрландырылады Фото: canva.com

Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс елдің отын-энергетика кешенін цифрландыру барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2024 жылдың соңына дейін энергия ресурстарын есепке алуды цифрландыру, жасанды интеллект элементтерін пайдалана отырып, мұнай, ЖЖМ мен автогазын жеткізу жоспарларын автоматтандыру арқылы энергия ресурстарын бөлуді цифрландыру, энергетика субъектілері мен объектілерін паспорттау, ОЭК геоақпараттық жүйесін әзірлеу, біртұтас технологиялық платформаға көшу, барлық қолданыстағы ақпараттық жүйелерді біріктіру және т.б. жұмыстары жоспарланып отыр", - деді вице-министр.

Бақытжан Әлия еліміздің отын-энергетикалық кешенін цифрлық трансформациялау картасы әзірленгенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу