Жылу желілерін диагностикалау үшін жасанды интеллект қолданылуы мүмкін

214

Үкіметтің 2025 жылғы терең өңдеу және мұнай-газ химиясы секторындағы жұмысының қорытындысы шығарылды.

Жылу желілерін диагностикалау үшін жасанды интеллект қолданылуы мүмкін Фото: almatysite.kz

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай жүйесін (EnergyTech) енгізу барысы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сонымен қатар жасанды интеллектіге ерекше назар аударудамыз. Енгізіліп жатқан құралдар өз тиімділігін тәжірибеде дәлелдеп отыр. Нарық өкілдерімен бірлесіп, саланың қажеттіліктерін анықтап, ЖИ қолданудың нақты сценарилерін пысықтап жатырмыз. Негізгі міндеттер – әуе желілерін дефектоскопиялау және жылу желілерін ішкі диагностикалау. Бұл технологиялар адам көре алмайтын жасырын зақымдарды анықтауға мүмкіндік беріп, жөндеу шығындарын едәуір азайтады. Экономикалық әсері ондаған млрд теңгеге жетеді", – деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.

Айта кету керек, бұған дейін мұнай-газ химиясындағы өнім өндірісінің көлемі 12%-ға өскенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу