Елімізден көмір тек лицензия арқылы экспортталады

174

Барлығы республикалық бюджеттен 93 млрд теңге бөлінді. 

Елімізден көмір тек лицензия арқылы экспортталады Фото: Абай облысының баспасөз қызметі

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев биыл 161 шақырым жылу желілерін жаңғыртуға республикалық бюджеттен 93 млрд теңге қарастырылғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"104 шақырым желіні нысаналы трансферттер есебінен жаңартуға 69 млрд теңге, 57 шақырым желіні қалпына келтіруге Үкімет резервінен 24 млрд теңге ақша бөлінеді. Сондай-ақ табиғи монополиялар субьектілерінің Инвестициялық бағдарламалары есебінен 17 млрд теңгеге 69 шақырым жылу желілерін жөндеу жоспарлануда", – деді министр. 

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға қаржыландыру жоспарына сәйкес осы жылдың сәуір айынан бастап 93 млрд теңгеден 72 млрд теңге немесе 78%-ы аударылды. Жылумен жабдықтаудың жоспарланған 64 жобасы бойынша 159 шақырым желі төселуі тиіс, оның ішінде 54 жоба бойынша 135 шақырымға жуық жылу желісі жүргізіліп, жұмыс толық аяқталды, ал 10 жоба бойынша 24 шақырымды жабдықтау жұмыстары аяқталуға жақын. 

Министр Қазақстанда жылу беру маусымына 12 мыңнан астам автономды қазандық дайындалғанын хабарлады. Автономды қазандықтар қажетті көмірмен – 93%, мазутпен – 99% және дизель отынымен – 90% қамтамасыз етілді. 

Инженерлік инфрақұрылымды жоспарлы жөндеу шеңберінде өңірлерде келесідей жұмыстар жүргізілді: 

- 536 шақырым жылумен жабдықтау желілері жөнделді немесе жоспардың 99%-ы;

- 1025 шақырым сумен жабдықтау желілері немесе 90%;  

- су бұру бойынша 159 шақырым немесе 98%-ы жөнделді.

"Бүгінгі күні білім беру мен денсаулық сақтау нысандары мен тұрғын үйлер жылыту маусымына толықтай дайын. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге халықтың пайдалануына арналған көмірге қажеттілік – 8,2 млн т, жылыту маусымы басталғалы бері шамамен 3 млн т жеткізілді – жылыту маусымы жоспарының 37,1%-ы. Өткен жылы жоспардың 35,1%-ы орындалды. Көмір қорларындағы түрлі маркадағы отын қоры шамамен 570 мың т", – деп түйіндеді Шарлапаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу