Жылу желілерінің 53 пайызы тозған

182

Ал жалпы инфрақұрылым 54%-ға тозған.

Жылу желілерінің 53 пайызы тозған Фото: baq.kz

Желілердегі технологиялық шығындар – 30%-ға жуық, деп хабарлайды Inbusiness.kz cайты.

"Бізде жылу энергетикасы — ең проблемалы, нашар жаңартылған, экономикалық әрі энергетикалық жағынан тиімсіз және инвестициялық жағынан тартымсыз салалардың бірі. Қазақстанда жылу желісі инфрақұрылымының 54%-дан астамы тозған, желілердегі технологиялық шығындар – 30%-ға жуық", - деді сенатор Серік Шайдаров. 

Жұмыс істеп тұрған 37 ЖЭО-ның 28-інің (76%) қызмет ету уақыты 50 жылдан асып кеткен. Жылу желілерінің 53%-ы тозған, жалпы ұзындығы шамамен 13 мың шақырым.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректеріне сәйкес, негізгі технологиялық бұзушылықтар жылумен жабдықтау желілерінде тіркеледі, 2022-2023 жылдары 65-тен астам технологиялық бұзушылықтар тіркелген. 

"Жылу энергетикасындағы қазіргі жағдай жаңа шындықтарды, бюджеттік шектеулерді және жылу энергетикасының қалыптасқан техникалық-технологиялық және ұйымдастырушылық-экономикалық ерекшеліктерін ескеретін тиімді шешімдерді әзірлеуді талап етеді. Сонымен қатар, елдің жекелеген өңірлеріндегі қатал климаттық жағдайлар экономиканың жылумен жабдықтау секторын неғұрлым әлеуметтік маңызы бар дәрежеге көтереді", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу