Жылудың тұрақсыздығынан батарейлер жарылды

409

Қарағанды облысында "жарылған батареяның ыстық суына күйіп қаламыз ба" деп үрейленген жұрт, жылу орталығының тұрақсыз жұмысына наразы. Айтуларынша, жылдар бойы жөндеу көрмеген құбырлардың салдарынан, халық тәуліктеп жылусыз қалады.

Жылудың тұрақсыздығынан батарейлер жарылды Фото: inform.kz

Бес мыңнан аса тұрғыны бар Қушоқы елді мекеніндегі жалғыз жылу орталығы 70-шы жылдары салынған. Жыл сайын жаңарту жүргізілгенімен, құбырларды қалыпқа келтіру жұмыстары өте баяу. Салдарынан жылу да тұрақсыз. 

"Апат болды, батарейлердегі суды тездетіп төгіңіздер,- деп хабарландырады. Жөндеуге кейде 1 жарым күн кетеді. Біздің үйлерде суды шатырдағы құбырлардан төгу керек. Оған шыға да алмаймыз. Балаларымызды шақырамыз, ал олар жоқ болса қатып қалады", дейді Қушоқы кентінің тұрғыны Галина Шевцова. 

Елді мекендегі тұрғындардың дені зейнет жасындағы қариялар. Аудандық билік өкілдерінен мәселені шешіп беруін сұрағанымен,  атқамінерлер "жылу жүйесінің ескіргені болмаса, қазандықтарда ешбір ақау жоқ" дегенді алға тартты.

"Бүкіл кент бойынша жылу құбырларын ауыстыру үшін мына үйлерге дейінгі жылу құбырларын ауыстыру үшін 500 млн сомасында қаражат керек.Қазір біз қаражат көздерін қарастырып тапсырыс беріп жатырмыз қаражатқа", дейді Бұқар жырау аудандық ТҮКШ бөлімінің жетекшісі Абылай Сұлтанғали.

Алайда, сұрайтын ақшаны жауаптылар макұлдай ма? Жоқ па? Ол жағы әзірге белгісіз. Сондықтан, аталған мәселе биыл шешімін табатынына халық күмәнмен қарайды. Дегенмен, облыс басшылығы назарына алсын деген өтініш білдіруде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу