Жылуға жазда төленген ақша қайтарылып жатыр

954

Есепке алу аспабы жоқ пәтер иелеріне 700 млн теңге қайтарылады.

Жылуға жазда төленген ақша қайтарылып жатыр

Табиғи монополияларды реттеу комитеті жылу энергиясын есепке алу аспабы жоқ тұтынушылардың шығынын қайта есептеп, негізсіз талап етілген өтемдерді қайтару туралы шешім шығарды. 

"Жұмыс табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың нормаларына сәйкес жүргізілген болатын. 2020 жылдың соңына дейін қайта есептеу кезінде артылған қаражат төлем иелерінің жеке шотына аударылады. Қайтарылған ақшаның көлемін тұтынушы түбіртектегі аванс (сальдо) түріндегі жеке жолдан көре алады", – деп жазады ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі. 

Ведомство 2019-2020 жылғы жылыту кезеңінде қызмет көрсеткен 133 нысанның тұтынушылардан күн жылы уақытта 736 771 070 теңгені негізсіз алғанын есептеп шығарыпты. Бұл сомаға қосымша құн салығы да кіреді. Қайта есептеу нәтижесінде есептеуіш құрал орнатылмаған пәтерлердің иесіне өңірлер бойынша мынадай қаражат қайтарылатын болған.

- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 3 818 460 теңге ("Қаныш Сатпаев атындағы арна" РМК, "Қазсушар" филиалы және "Сапро-НАТ" ЖШС).  
- Алматы қаласы бойынша – 13 327 030 теңге;
- Шымкент қаласы бойынша – 25 805 640 теңге;
- Алматы облысы бойынша – 8 659 900 теңге;
- Ақмола облысы бойынша – 39 708 450 теңге;
- Атырау облысы бойынша – 8 325 040 теңге;
- Ақтөбе облысы бойынша – 50 624 690 теңге;
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 189 998 270 теңге;
- Жамбыл облысы бойынша – 43 108 930 теңге;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 14 942 620 теңге;
- Қарағанды облысы бойынша – 167 298 790 теңге;
- Қостанай облысы бойынша – 50 718 610 теңге;
- Қызылорда облысы бойынша – 53 392 570 теңге;
- Маңғыстау облысы бойынша – 3 291 000 теңге;
- Павлодар облысы бойынша – 28 629 400 теңге;
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 22 562 880 теңге;
- Түркістан облысы бойынша – 12 558 790 теңге.

"Қайта есептеудің жылу энергиясын есептеудің аспаптарын қолдануға ауысып үлгерген тұрғындарға қатысы жоқ екенін айта кету керек.  Қосымша сұрақтар бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің жылу энергетикасы саласындағы реттеу басқармасының басшысы – Тоқтамысов Дамир Сабырұлына 8 (7172) 74-38-80, +7-707-310-10-51 нөмірлері  арқылы хабарласуға болады", – деп жазылған ресми ақпаратта.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу