Жылумен жабдықтау саласында істейтіндер қанша жалақы алады?

229

Республика бойынша өндірісте жұмыс істейтін инженерлердің жалақысында айырмашылық бар.

Жылумен жабдықтау саласында істейтіндер қанша жалақы алады? Фото: canva.com

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жылу энергетикасы саласында істейтін мамандардың жалақысы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, кей өңірлерде өндірісте істейтін мамандардың жалақысын саладағы орташа деңгейге жеткізу үшін 2 есе арттыру қажет. 

"ЖОО-лар мен колледжерге келетін болсақ, "Жылу энергетикасы" мамандығына қабылдау да болмаған. Оған оқытудың қиын болуы себеп, яғни физика, математика, гидродинамикадан білім қажет. Оқу бітіргендер мардымсыз жалақы алады. Кәсіби білікті мамандарды, инженерлерді дайындау – саланың өзекті мәселесі. Нақты қолдау болмаса, бұл мәселені шеше алмаймыз", - деп түсіндірді министр.

Журналистер саладағы мамандар қанша жалақы алады деп сұрады. 

"Қазір саладағы жалақы шамамен алғанда 180 мың теңге. Егер біліктілігі жоғары мамандарды, диспетчерлік қызметкерлерді алатын болсақ, олар 350 мың теңгеден астам жалақы алады. Жалпы салада жалақы айтарлықтай алғандай төмен. Өңірлер бойынша да айырмашылық бар", - деді Энергетика министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу