Жылы аялдама салған инвесторлардың салымы қалай ақталады

1136

Астанада жергілікті инвесторлар қаражатына салынған 12 жылы аялдама жұмыс істеп тұр.

Жылы аялдама салған инвесторлардың салымы қалай ақталады

Олардың көпшілігі – жергілікті кәсіпкерлер, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.  

Астанада жергілікті инвесторлар қаражатына салынған 12 жылы аялдама жұмыс істеп тұр. "Astanа" ӘКК" АҚ-нің басқарма төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Канкин жуырда осы салада шетелдік инвестордың пайда болғанын жеткізді. Ал қалғандары – Астананың бизнес өкілдері.

Бауыржан Канкиннің түсіндіруінше, инвесторлар өз салымдарын аялдамада коммерция жүргізілетін павильондар арқылы және жарнамалық баннерлерді орналастыру есебінен ақтайтын болады.

"Аялдамаларда Wi-Fi қызметін ұсынатын инвесторлар бар және оны олар өз тауарын және қызметін сату бағытында қолданады.  Сондай-ақ, аялдамаларға терминалдар, аппараттар қойылады, инвестор жалға беру есебінен де пайда көреді", – деді Канкин.

Автобус аялдамасындағы коммуналдық шығыстарды да инвестор төлейді. Ал аялдама орналасқан жер телімі 10 жылға жалға беріледі.

Еске сала кетейік, кеше Жағалау шағын ауданында АҚШ инвесторы қаржысына салынған Your I-Stop "ақылды әрі жылы" аялдаманың ашылуы өтті. "Есіл" ауданы әкімдігінің қолдауымен аялдамаға коммуникация тартылған. Павильонды Астанада отандық кәсіпорын дайындаған.   Ал 2019 жылдың аяғына дейін қалада осындай 50 аялдама ашылады деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу