Жылы жаққа ұша алмай қалған аққуды орманшылар аман алып қалды

242

Павлодарда орманшылар қанаты жарақаттанып, мұз үстінде қалған аққуды құтқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жылы жаққа ұша алмай қалған аққуды орманшылар аман алып қалды Фото: Аждар Жүсіпов

Құс жарақатына байланысты жылы жаққа ұшып кете алмай, Ертіс өзенінің жоғарғы ағысындағы Оңтүстік су қоймасында қалып қойған.

Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жүсіповтің айтуынша, аққуды алғаш болып жергілікті тұрғындар байқап, мамандарға хабар берген.

Орманшылар жаралы құсты су қоймасының мұз басқан бөлігінен жағаға алып шыққан. Мамандардың болжамынша, аққудың сол қанаты зақымданғандықтан, ол сыңарына ілесіп ұша алмаған.

Құтқарылған құс сыбырлақ аққу түріне жатады. Қазір оны ветеринарлар тексеріп жатыр.

Егер жарақаты ауыр болса, аққу Павлодар ауылындағы жабайы жануарлар мен құстарға арналған арнайы орталыққа жеткізіліп, сонда қыстап шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу