1 пайыздық мөлшерлемемен несие беретін бағдарлама іске қосылды

1082

 1 пайыздық мөлшерлемемен несие беретін бағдарлама  іске қосылды

Бүгін Маңғыстауда ШОБ-ға жылына 1% - дық мөлшерлемемен несие беретін "Nur Kapital" бағдарламасы іске қосылды. Шараға Қазақстан Республикасының "Атамекен" КҰП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, қала мен аудан әкімдері, кәсіпкерлер қоғамдық бірлестіктерінің, екінші деңгейлі банктердің, қаржы институттарының өкілдері қлемеменатысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

"Біз халықтың қоғамдық сана-сезімін жаңғырту үшін шағын және орта бизнесті дамытуға нақты жағдай туғызу міндетін қойдық. Қазіргі уақытта жалпы несие қоржыны 2,7 млрд теңгені құрайды (оның ішінде жергілікті бюджеттен - 900 млн теңге, "Даму" қорынан - 1,800 млн теңге). Бүгінгі таңда "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Маңғыстау облыстық филиалымен (400 млн теңге), "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның Жаңаөзен өңірлік филиалымен (400 млн теңге) және "ForteBank" АҚ-мен (322 млн теңге), "Сбербанк России" АҚ ЕБ-мен (150 млн теңге) келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, осы бағдарламаға қатысу үшін "Банк ЦентрКредит" АҚ және "Атамекен Микрофинанс" ЖШС өтінімдерін берді",- деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

"Nur Kapital" бағдарламасына қатысқысы келетін барлық кәсіпкер қажетті құжаттарды дайындау және жинаумен айналысатынЖаңаөзен қаласындағы және облыстағы бизнес-бөлімшелерге өз өтінімдерімен жүгіне алады.Сондай-ақ, кәсіпкер барлық қажетті құжатты екінші деңгейлі банктерге тапсырып, мақұлданған соң банкпен бірлесіп, субсидия алу үшін құжаттарды облыстық үйлестіру кеңесіне жібереді.Аймақтық үйлестіру кеңесі әрбір аудан үшін маңызды деп танылған жобаларды қарастырады.

"Қазіргі таңда облыстағы қалалар мен аудандар әкімдіктерінде 2 млрд теңгеден астам қаржыға кәсіпкерлер тарапынан 192 өтінім келіп түсті. Олардың 35% -ы мал шаруашылығы секторында, өңдеу, жеңіл өнеркәсіп - 22%, туризм - 16%, көлік және қойма - 8%, өсімдік шаруашылығы - 5%, денсаулық сақтау - 5%, қызмет көрсету - 3%, білім беру - 3%, тамақтану қызметтері - 1%, көтерме және бөлшек сауда - 1%, инвестициялар - 0,3%, өнер, ойын-сауық және демалыс - 0,1%", - деді Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Венера Мұстапаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу