Жылына 105 мың тонна алма өндірілуі мүмкін

1156

2024 жылы 12,5 мың гектар аумақта алма өсіріледі.  

Жылына 105 мың тонна алма өндірілуі мүмкін

 Қытай, Германия, Польша алмасының импортын алмастыру үшін 12,5 мың гектар аумақта алма өсіріледі. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты. 

"Алма өндіру көлемі соңғы 3 жылда 15%-ға, яғни 188 мың тоннадан 216,5 мың тоннаға ұлғайды. Қазір ішкі нарықты өзімізде өндірілген алмамен қамтамасыз ету көлемі 63%-ды құрайды. Алма импортын алмастыру үшін 2024 жылға қарай қосымша 12,5 мың гектар аумақта алма өсіріледі. Алдын ала болжам бойынша, алма бағынан жылына 105 мың тонна алма жиналады", – деді министр.  

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу