Батыс Қазақстан облысының Макаров ауылында жылдық қуаты 15 миллион кірпіш өндіруге бағытталған жаңа зауыт іске қосылды, деп хабарлайды 24.kz.
Өндіріс ошағы 30 шақты ауыл тұрғынын жұмыспен қамтыған. Жалпы биыл кәсіпкерлікті қолдау мақсатында аймақта 1 жарым млрд теңгеден астам қаржы бөлініпті. Жаңа зауыттың өндірістік қуаты ауысымына 50 мың кірпіш шығаруға жетеді.
Кәсіпкер Жұмабек Жабпарқұлов бұған дейін көлік тасымалы және сауда-саттықпен айналысқан. Бірақ оның өндіріспен айналыссам деген арманы ақыры осы бастамаға себепші болды. Шикізатқа қажетті саздың ерекше түрі бар мол жерді жалға алып, зауыт құрылысын бастап кетті. Қондырғыларды көрші елдерден әкелді. Жұмысқа жергілікті тұрғындарды тартты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу