"Жылына 42 млрд теңге": Назарбаев университеті үш жыл бойы бюджет есебінен қаржыландырылады

1922

Мемлекеттен бөлінген қаржыға мемлекеттік білім тапсырысы және мақсатты депозиттер кіреді.

"Жылына 42 млрд теңге": Назарбаев университеті үш жыл бойы бюджет есебінен қаржыландырылады Фото: time.kz

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ол үшін алаңдаудың қажеті жоқ екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Назарбаев университетіне өткен жылдағыдай шамамен 42 млрд теңге қаржы бөлеміз. Алдағы 3 жылда университетке қолдау көрсететін боламыз. Мемлекеттен бөлінген қаржыға мемлекеттік білім тапсырысы және мақсатты депозиттер кіреді. Сондықтан, алаңдаудың қажеті жоқ", - деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ, министр алдағы 3 жыл бойы бөлінетін қаржының бюджетте бекітілгенін айтты.

"2020 жылы Назарбаев университетін қаржыландыруға республикалық бюджеттен 55 243 246,6 мың теңге, 2021 жылы — 57 384 102,2 мың теңге, 2022 жылы — 45 038 666,7 мың теңге, ал 2023 жылы — 42 571 878,8 мың теңге бөлінді. Соңғы екі жылда қаржыландыру сомасы өткен жылдармен салыстырғанда азайды", - деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу