Жылына 450 млн теңге табыс тапқан заңсыз майнинг ферма анықталды

1099

Президенттен пәрмен түскелі құзырлы мекемелер іске қызу кіріскендей, деп хабарлайды Atameken Business.  

Жылына 450 млн теңге табыс тапқан заңсыз майнинг ферма анықталды

Бүгін Түркістан облысындағы Шардара электр станциясының маңынан тағы бір заңсыз майнинг фермасы анықталды.

Тасада жүрген крипто кеншілерден жалпы құны 1 миллиард теңге болатын 2 899 құрылғы тәркіленді.

Криминалистер есебінше, "сұр" майнерлер былтыр наурыз бен желтоқсан айының аралығында 450 миллион теңге табыс тапқан.

Айта кетейін, тек ақпан айының ортасынан бері ел аумағында осындай 13 заңсыз нысанның жұмысы тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу