Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Шымкенттегі "Рауан" ЖШС компаниялар тобында болды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кету керек, "Рауан" ЖШС компаниялар тобы 1998 жылы құрылып, Қазақстан нарығында 18 жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп келеді. Компанияның негізгі жұмысы алкогольсіз сусындар мен шырын және минералды су шығаруға бағытталған. Бүгінде таңда өңірде сусындар мен минералды су шығаратын 3 ірі жоғары технологиялы зауыты бар серіктестікте жылына 50 млн дана дайын өнім шығарылады.
Мұнан бөлек компанияның балық шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бағытына машықтанған "АгроНурАзия" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен айына 2 млн дана кірпіш шығаруға қауқарлы "Рауан-7" ЖШС зауыты бар.