Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданында жылына 6 мың тонна ет өндіретін құс фабрикасы салынып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.
"Бизнестің жол картасы – 2020" мемлекеттік бағдарламасы арқылы құрылысқа 1,7 миллиард теңге бөлінген. Қазір кешен 80 пайызға дайын.
Фабрика басшыларының айтуынша, жұмыртқалар Голландиядан жеткізіледі. Кейін инкубаторда етті бағыттағы балапандар өсіріледі. Олар күніне 60 грамнан салмақ қосады. Сонда бір айда шамамен 3 келі 800 грамға тартады. Дайын өнімнің 80 пайызы жергілікті сауда сөрелеріне, қалғаны көрші облыстар нарығына шығарылады. Болашақта мұнда 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Бірінші кезекте фабрика орналасқан Щапов ауылының тұрғындарын жұмысқа тарту көзделіп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу