Жылына 800 мыңнан астам әйел су тапшылығынан қаза болады

529

БҰҰ Бас хатшысы әлемдік қауымдастықты бүкіл әлем бойынша әйелдерді таза сумен қамтамасыз етуге шақырды. 

Жылына 800 мыңнан астам әйел су тапшылығынан қаза болады Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Бұл туралы Гутерриш өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш жыл сайын шамамен 800 мың әйел мен қыздар таза судың, санитарлық жағдай мен гигиенаның болмауынан қайтыс болады деп мәлімдеді.

"Бұл - бізді әрекетке итермелейтін үлкен трагедия. Әйел қауымының қауіпсіз ортада дені сау, жағдайы жақсы болуы үшін жоғарыда айтылған қарапайым ғана дүниелермен қамтамасыз етуді дереу қолға алу керек", - деді Бас хатшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу