Жылыойда авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар үздіксіз жүргізілуде

203

 Гуманитарлық көмек 600-ден астам тоннаны құрайды.  

Жылыойда авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар үздіксіз жүргізілуде Фото: Атырау облысы ТЖД

Жылыой ауданы Құлсары қаласында тұрғындарын эвакуациялау күшейтулі түрде жүзеге асырылуда. Құтқарушылар ауыл тұрғындарын және олардың төрт түлік малдарын қауіпсіз жерге көшіруге көмек көрсетуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аймақта 9 сәуірдегі ақпарат бойынша 34998 тұрғын, оның ішінде 7239 бала эвакуацияланып, қабылдау пунктеріне көшірілді. Сонымен қатар елді мекендердің тұрғындарының қарамағындағы 19 939  бас мал қауіпсіз жерге айдалды.

Бүгінгі таңда Жылыой ауданына республиканың түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек келіп түсуде. Гуманитарлық көмек 600-ден астам тоннаны құрайды.  

Су астында қалған тұрғын үйлердің иелеріне, мекеме және ұйым басшыларына, кәсіпкерлік субъектілеріне төтенше жағдайлар орын алмас үшін су деңгейінің толық төмендемегенінше су басқан аумақтарға бармауларын сұраймыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу