Жылыойлық мұғалімдердің кімге "лайк" басқаны қатаң тексеріледі

656

Мектеп директоры ай сайын сол бойынша есеп бермек. 

Жылыойлық мұғалімдердің кімге "лайк" басқаны қатаң тексеріледі

Атырау облысы Жылыой ауданында мектеп мұғалімдеріне "Жанболат Мамайдың әлеуметтік желідегі жазбаларына "лайк" баспау" жөнінде тапсырма берілген. Аудандық білім бөлімінің Гүлжансара Таңатарованың қолы қойылған құжатта мектеп директорларына ұстаздардың әлеуметтік желіде кімді қолдап, кімге лайк басып жүргенін саралап, мониторинг жасап отыру тапсырылған. Орта білім беру мекемесінің басшысы ай сайын сол бойынша есеп тапсырып отыруға міндеттеледі. 

Әрине, ұстаздардың бәрі бірдей "біртүрлі" бұйрықты қуана қолдап отыр деп айтуға болмайды. Олардың ішінен мұны "адамның жеке басына қол сұғу" деп есептеп, қарсылық білдіргендер аз емес. Бәрінен бұрын елдің алыс түкпіріндегі сайлау қарасаңында болып жатқан жағдай қоғам белсендісі Жанболат Мамайға да жетіпті. 

"Бұл хат Атырау облысы, Жылыой ауданынан келіп түсті бізге. Бірақ, білуімізше, бұл жалғыз аудандағы шешім емес, бүкіл республика көлемінде қабылданған бұйрық екен. Егер Астанадан келген бұйрық болмаса, сонау Жылыой ауданының әкімшілігі менің әлеуметтік желідегі жазбаларымда не жұмысы бар еді?! Сонда деймін, бұлар 500 мыңға тарта ұстаздарды өздерінің жекеменшігі көріп, кімге "лайк" басуға болады, кімге болмайтынын жоғарыдан шешіп отыр ма?", - деп жазды Ж.Мамай  әлеуметтік парақшасында. 

Дегенмен аудан әкімдігі бұл тапсырмадан өрескел ештеңе көрмейтіні белгілі болды. Олардың пікірінше, ұстаздардың саяси ұстанымы тәрбие процесіне кері ықпалын тигізуі мүмкін. Сол себепті, жағдайлды дұрыс қадағаламай, мұғалімдердің бұрыс лайк басуына жол берген білім бөлімі басшысының міндетін атқарушыға қатаң сөгіс, аудан әкімінің орынбасарына сөгіс жарияланған.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу