"Жылыойсу" МКК директоры аса ірі мөлшерде ақша жымқырғаны үшін сотталды

966

Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон халқына сумен жабдықтау қызметтеріне бекітілген тарифтер 54,4 пайызға төмендетілді.    

"Жылыойсу" МКК директоры аса ірі мөлшерде ақша жымқырғаны үшін сотталды

ҚМА Атырау облысы "Жылыойсу" МКК директоры Алагөзов 2019 жылдың наурыз айынан бастап 2021 жылдың наурыз айына дейін монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, Құлсары қаласы халқына сумен жабдықтау және канализациялық қызметтің тарифтерін негізсіз көтерген, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол қаражатты аса ірі мөлшерде жымқырып, 126 млн теңге залал келтірген. Тергеу кезінде аталған залал мөлшері толығымен мемлекетке қайтарылды.

Сондай-ақ тергеу кезінде Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон халқына сумен жабдықтау қызметтеріне бекітілген тарифтер 54,4 пайызға төмендетілді.    

Сот үкімен аталған кәсіпорын басшысы кінәлі деп танылып, мемлекеттік мекемелерде материалдық жауаптылығы бар басшы қызметімен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

ҚК-нің 63-бабының талаптарына сай, тағайындалған жаза шартты деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу