Жылыту кәсіпорындарының қарызы 6,2 млрд теңгеге жетті. Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, бұл ҚазТрансГаз алдындағы 3 айда жиналған берешек. Сондай-ақ, қатты отын бойынша Богатырь көмір компаниясына энерго өндіруші ұйымдар борышы 700 млн теңгені құраған. Толығырақ Үкімет үйінен тікелей байланысқа шыққан тілшіміз Құралай Пионер тарқатады. Құралай, тұтынушылар қарызы қанша соманы құрапты?
Құралай Пионер, тілші:
"Үкіметтің бүгінгі селекторлық отырысының басты тақырыбының бірі - энергетика жүйесі болды. Министр Қанат Бозымбаев жалпы жұмыстың штаттағы режимде жүріп жатқанын айтады. Дегенмен, электр бойынша өтелмей жатқан қарыздар бар. Мәселен, жылыту стациялары ҚазТранГаз-Аймаққа 6,2 млрд теңге өтеуі тиіс. Тұтынушылар берешегі де өскен. Соңғы 10 айдағы көрсеткішке сәйкес 14 млрд теңгеден асып отыр. Оның 2 млрд-ды Оңтүстік Қазақстанның, 2 млрд Астананың, ал 1,5 млрд теңге Алматының еншісіндегә борыштар. Қазір электр стацияларын жөндеу жоспарына сәйкес, 8 энергоблок, 57 қазандық және 35 құбырмен 24 мың шақырым желі жөндеуден өткен. Орталық қазандық қорына 790 мың тонна көмір жеткізілген. Мазут - 108 мың тонна".