Жылыту маусымы басталған 1 қазаннан бері тұрғын үй секторында шамамен 2 200 өрт оқиғасы тіркелді.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ведомство деректеріне сәйкес, бүгінгі күнге дейін өрт салдарынан 109 адам қаза тауып, тағы 90 адам жарақат алған.
2024 жылдың 1 қазанында басталған жылыту маусымы барысында улы газдан улану салдарынан 23 адам қаза тауып, 50 адам жарақат алған.
ТЖМ атап өткендей, Қазақстанда әсіресе жеке тұрғын үй секторындағы өрт оқиғалары ең жиі кездесетін төтенше жағдайлардың бірі болып қала береді.
Өз кезегінде, алдын алу шараларына, қауіпсіздікті арттыруға және жылыту маусымында сақтық шаралары туралы халықты хабардар етуге баса мән беріледі.