Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Биыл жылыту кезеңінде көмір өніміне қажеттілік 9,1 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге - 2,3 млн тонна, халыққа – 6,8 млн тонна көмір. Бүгінгі күнге коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа шамамен 2,6 млн тонна көмір жөнелтілді. Жылдық жоспардың орындалуы жиырма сегіз де үш пайызды 28,3% құрайды", – деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі.
Әлеуметтік көмірдің сыртқа кетуін болдырмау мақсатында Министрлік көмірді автомобиль көлігімен әкетуді шектеу жөнінде шаралар қабылдады.
"Көмір өндіруге келісімшарттары және лицензиялары бар көмір өндіруші кәсіпорындарға, сондай-ақ онымен үлестес сауда компанияларына әкету құқығын бере отырып, көмір экспортына айрықша құқықты белгілеу туралы Үкімет қаулысы қабылданатын болады", – деді министр.