Жылыту маусымына дұрыс дайындық жүргізбеген Саран қаласының әкімі - Еркін Баулықовқа қатаң сөгіс берілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сондай-ақ бақылау кезінде салғырттық жасаған облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шарушылық басқармасының басшысы -Тілектес Досаев та аталған жазаға ілікті. Ал өңір басшысының бірінші орынбасары - Азамат Тайжанов ескерту алды. Сонымен қатар Ермағанбет Бөлекпаев өзге әкімдерге де сабақ болсын деді ме, әйтеуір, оларға да назарын салды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу