Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Оның айтуынша, жылыту маусымын уақтылы бастау және үздіксіз өткізу мақсатында әкімдіктер келесідей шараларды қабылдауы қажет:
- қыркүйек айының соңына дейін инженерлік инфрақұрылымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтауы;
- 15 қазанға дейін әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй қорының әзірлігін қамтамасыз етуі;
- жылыту маусымының уақтылы басталуы және үздіксіз өтуі бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауы;
- өңірлік операторларды өңірдің қажеттілік жоспарына сәйкес көмір жеткізуге арналған келісімшарттармен қамтамасыз етуі;
- жылыжай шаруашылықтары мен көмір жеткізуге арналған көмір разрездері арасында тікелей келісімшарттар жасасуды жеделдетуі;
- көмірді жөнелтуге өтінімдердің көлемін келісімшартталған көлемдерге сәйкес ұлғайтуы қажет.
"Жалпы, осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады және Министрліктің тұрақты бақылауында", – деді министр.