Жылыту маусымына 65 мыңнан астам нысанды дайындау қажет – Бейбіт Атамқұлов

589

Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов 5 мың шақырым жылу, 11,2 мың шақырым су құбыры жөнделуге тиіс екенін жариялады.  

Жылыту маусымына 65 мыңнан астам нысанды дайындау қажет – Бейбіт Атамқұлов

Министрдің мәлімдеуінше, алдағы жылыту маусымына 65 мыңнан астам әлеуметтік сала нысанын дайындау қажет, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, жылыту маусымына әзірлікті қажет ететін  6 мың денсаулық сақтау, 11,2 мың білім беру нысаны, 47,6 мың тұрғын үй бар. Бұған қоса 11 мың автономды қазандықты және 19 мың шақырым инженерлік желіні қалыпқа келтіру қажет. 

"5 мың шақырым жылумен жабдықтау желісін, 14,2 мың шақырым сумен жабдықтау желісін жылыту маусымына дайындау қажет. Жылу беру маусымына дер кезінде және сапалы дайындалу мақсатында өңірлерге 1 маусымға қарай тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй және әлеуметтік сала объектілерін дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту ұсынылды. 1 қыркүйекке дейін білім беру объектілерінің 100% дайындығын қамтамасыз ету қажет. 15 қазанға дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй, денсаулық сақтау және әлеуметтік саланың барлық объектілерінің толық дайындығын қамтамасыз ету, құрылыс нормалары мен ережелерін сақтамай орнатылған автономдық жылу беру жүйелерін шығаруды аяқтау, инженерлік инфрақұрылым жүйесінің жылу беру маусымына дайындығын белгіленген мерзімде аяқтау, автономдық қазандықтарда отынның нормативтік қорын қамтамасыз ету жұмыстарын толығымен орындау керек", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу