Жылыту маусымына 99% дайынбыз

819

Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов өңірлердің жылу беру маусымына дайындығы тексеріліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жылыту маусымына 99% дайынбыз

Министрдің айтуынша, білім беру нысандарының жылыту маусымына дайындығы 99%-ды құрайды. 

"Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдіктері білім беру нысандарының жылыту маусымына дайындығын аяқтау бойынша шұғыл шара қабылдауы керек", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Министр денсаулық сақтау нысандарының да 99%-ы жылыту маусымына дайын екенін айтты. 

"Алматы, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдіктері нысандардың жылу беру маусымына дайындығы бойынша жұмысты аяқтауға тиіс", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу