Жылыту маусымына дайындық қызметін тексеру комиссиясының отырысы өтті

610

Елдегі барлық энергия нысаны, қауіптілігіне қарай топтарға бөлінеді. 

Жылыту маусымына дайындық қызметін тексеру комиссиясының отырысы өтті Фото: azattyq-ruhy.kz

Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің төрағалығымен, қысқы жылыту маусымына дайындық жөніндегі орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметін тексеру жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті.

Онда үздіксіз жылу беруді қамтамасыз ету жөніндегі жедел және жүйелі шаралар қарастырылды. Алдағы 3 күн ішінде барлық энергия нысаны кешенді, соның ішінде техникалық жағдайына қарай қауіптілік тұрғыдан топтарға бөлінеді. Неғұрлым осал жылу электр орталықтары мен жылу желілері бойынша, меншік иелері, әкімдіктер мен министрліктер арасында бірінші кезекте атқарылатын іс-әрекет жоспары дайындалмақ.

Өңірлерде жылумен және электр қуатымен қамтамасыз ететін нысандардың іс жүзінде дайындығын тексеру үшін, жедел топтар құрылады. Қаржы министрі мен Қаржылық мониторинг агенттігі, әрбір заңды тұлғаның тарифтік сметасы мен инвестициялық бағдарламасына талдау жүргізіп, капиталды сыртқа шығару ықтималдығын қатаң тексермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу