Жылыту маусымына қарсы 423 қосалқы стансаларды жөндеу жоспарланған

161

2024 жылы 13,4 мың шақырым электр желілерінде жөндеу жұмыстары аяқталды. 

Жылыту маусымына қарсы 423 қосалқы стансаларды жөндеу жоспарланған Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Әр түрлі кезеңдерде 1 энергоблокта, 28 қазандықта, 22 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Жүйелік оператор бекіткен электр стансаларында жөндеу кестесіне сәйкес 2024 жылы 10 энергоблокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Әр түрлі кезеңдерде 1 энергоблокта, 28 қазандықта, 22 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 4 энергоблокта, 21 қазандықта және 17 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. 
Электр желілерінде 2024 жылы жалпы ұзындығы шамамен 20,8 мың км электр беру желілерін, 423  бірлік жоғары вольтты қосалқы стансаларды күрделі жөндеу жоспарланған. 13,4  мың км электр беру желілері мен 277 қосалқы станса, 2 292  тарату пунктінде жөндеу жұмысы аяқталды", — деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Энергия көздерінің отын қоймаларында 3,7 млн тонна көмір және 90 мың тонна мазут жинақталған. 

"15 тамыздан бастап күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын алуға құжаттарды қабылдау басталды және отынның нормативтік қорының болуы оны алу шарттарының бірі болып саналады", — деп мәлімдеді Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында.

Бүгінгі таңда энергия көздерінің қоймаларында 3,7 млн тонна көмір және 90 мың тонна мазут жинақталған. Сонымен қатар, министрлік қыркүйек айынан бастап 256 мың тонна көлемінде "әлеуметтік" мазутты жеткізу кестесін бекітті. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу