Жылыту маусымында апаттар болуы мүмкін — Энергетика министрлігі

419

Энергетика Министрі кейбір нысандар қыс мезгіліне толық дайындалып үлгермей жатқанын хабарлады. 

Жылыту маусымында апаттар болуы мүмкін — Энергетика министрлігі Фото: Inbusiness.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев жылыту маусымына дайындықтың қай деңгейде екенін айтып, кейбір ЖЭО-да апаттар болуы әбден мүмкін деп журналистер сұрағына жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Апаттарға келетін болсақ, электр желісінде ондай жағдай жиі болып тұрады, оның түрлі себептері бар. Сондықтан, өкінішке орай, апаттан қашып кете алмаймыз. Ал апаттар санын қысқартуға келер болсақ, жөндеу көлемін дұрыс жоспарлау өте маңызды: ағымдағы және күрделі", - деді Алмасадам Сатқалиев Мәжіліс кулуарында.

Министр Республиканың он аймағында жылыту маусымы еш қиындықсыз басталғанын айтты. Станциялар тұтынушыларға дер кезде жылу берілуі үшін жұмысты бастап кетті.

"Қалған өңірлер бойынша, температуралық режимге байланысты, шамамен 15 қазанда жылыту маусымын бастауды жоспарлап отырмыз, энергия нысандары дайындалып жатыр", - деді Сатқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу