Жылыту маусымында өрт пен газдан уланудан көз жұматындардың қатарында зейнеткерлер басым – ТЖМ

96

Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов Үкімет отырысында өрттердің негізгі себептерін атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жылыту маусымында өрт пен газдан уланудан көз жұматындардың қатарында зейнеткерлер басым – ТЖМ Фото: Үкімет

 

"Өткен жылғы талдау көрсеткендей, жылы беру кезеңінде өрттердің 55 %-дан астамы тұрғын үй секторында, атап айтқанда, жеке тұрғын үйлерде орын алады. Өрттердің негізгі себептері – электр құралдарын, пешпен жылытужүйелерін орнату және пайдалану ережелерінің бұзылуы, сондай-ақ отты абайсыз қолдану. Сонымен қатар өрт және газдан улану салдарынан қаза тапқандардың басым бөлігі зейнеткерлер мен уақытша жұмыссыз азаматтар", – деді Мұрат Мұханов.

Министрдің айтуынша, тұрғын үй секторында қауіп-қатердің алдын алуға бағдарланған профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұнда қамтылған үйлердің санына емес, өрт шығу қаупінің деңгейіне қарай жұмыстар ұйымдастырылады.

"Жаппай аралап қараудан ерекшелігі, өрт шығу ықтималдығы мен оның ауыр салдары айрықша назар аударуды талап ететін әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың отбасыларына арнайы бару жүзеге асырылады. Бүгінде осы санаттағы 93 мыңнан астам тұрғын үй есепке алынды", – деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу