Ал Ақтөбеде қызанақ пен қиярдың жаңа сорты өсіріледі. Нақтыласақ, бұл Голландия технологиясымен венгриялықтар баптап шығаратын Ultra Clima көкөністері болмақ. Агро өндірістік инвестициялар форумында Қазақстан-Венгрия қоры құны 12 млн долларды құрайтын заманауи жылы жайдың құрылысына қол қойды. Ақпарды "ҚазАгро" холдингінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Кешен кезең-кезеңімен 3 жыл ішінде салынып бітуі тиіс. Ultra Clima технологиясының басты ерекшелігі – өсімдіктер жартылай жабық
орында өсірілетіндігінде. Қалыпты жылы жайға қарағанда оның өнімділігі 20%-ға жоғары. Қосымша жұмыс орындары да ашылады деп күтіліп отыр
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу