Жылыжай шаруашылығын дамытуға 45 миллион теңге бөлінді

1161

Жылыжай шаруашылығын дамытуға 45 миллион теңге бөлінді

Ақтөбеде жылыжай шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Соңғы бес жылда бұл салаға 7,7 млрд теңге инвестиция құйылған. "ҚазАгро" ұлттық холдингі көрсеткен қаржылай көмектің арқасында бүгінде өңірде оннан артық жылыжай кешендері жұмыс жасап тұр. Бүгін олардың жай-күйімен танысқан "КазАгро" өкілдері Қазақстан бойынша құны 41 млрд. теңгеден асатын 35 ірі жылыжайдың іске қосылғанын атап өтті. Олардың жалпы алаңы 104 гектарды құрайды. Ақтөбе облысына тоқталсақ, қәзіргі таңда өңірде жылына кем дегенде 12,5 мың тонна қызанақ жиналады. Бұл облыс сұранысын толығымен қанағаттандыруға жеткілікті. Голландиялық және испаниялық тәсілмен өсірілген олардың 50 пайызы экспорттық тауар болып есептеледі. Сондай-ақ, жергілікті жылыжайлардың өнімін субсидиялау үшін тек ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 45 млн. теңге қаржы бөлінген.

Асылхан Әбтиев Ақтөбе облыстық ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары:

"Ақтөбе облысында бүгінде 15 жылыжай жұмыс істеп отыр. Оның сегізін ірі деп есептейміз, өйткені әрқайсысының көлемі бір гектардан жоғары. Оларға жергілікті бюджеттен 45 млн. теңге субсидия қарастырылған. Оның 50 пайызы төленді, қалғаны жылдың аяғына дейін төленедеі".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу